A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
АҚМОЛАЛЫҚ БОКСШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Рингке алты елдiң спортшылары шықты. Ақмолалықтар «күмiс» және «қола» жеңiп алды.

Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдәлиевтi еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды. Кездесуге Малайзия, Ресей, Қытай, Тәжiкстан, Өзбекстан және Қазақстан боксшылары қатысты.

Ақмола облысының спорттық намысын Көкшетау қаласының, Красный Яр ауылының және Жақсы ауданының боксшылары қорғады.

52 кг салмақ дәрежесiнде Тимур Қабдешов күмiс жүлдегер атанды,ал Ғалым Мырзатаев қола жүлденi иелендi.

Балаларды Бақтияр Тұрғымбаев, Жүсiпбек Бектасов және Абзал Балтакескенов жаттықтырады.

Мақаланың шыққан күні: 01.11.2019
Қаралым саны: 81
Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11 А

8 (7162) 763427

sport@aqmola.gov.kz