A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
АҚМОЛАЛЫҚ КАРАТЭШІЛЕР АЗИЯ КУБОГЫНДА 10 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Татамиге 7 елдiң спортшылары шықты. Ақмола құрама командасының қоржынында екi алтын, төрт күмiс және төрт қола медаль бар.

Тараз қаласында жасөспiрiмдер ұлдар мен қыздар, ерлер мен әйелдер арасында киокушинкай-кан каратэден Азия Кубогы өттi. Жарыс кумите және карта бойынша екi жарыс түрiнен өттi. Чемпион атағы үшiн Тәжiкстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Жапония, Ресей, Иран және Қазақстаннан 200-ден астам спортшы бақ сынасты.

Ақмола облысының намысын Шортанды, Ақкөл және Целиноград аудандарының, сондай-ақ Көкшетау қаласының каратэшiлерi қорғады.

Катада ерлер арасында Дамир Маннапов чемпион атанды. "Күмiс" Әмiр Маннаповта. Үшiншi орынды Ұзақбай Мадиярбек (14-15 жас) және ерлер арасында Асхат Галеев иелендi.

Кумитэде 10-11 жастағы спортшылар арасында Сабина Умарова алтын медальдi жеңiп алды. 12-13 жастағы каратистер арасында Александра Леонова, Бақытжан Қаратаев (14-15 жас) және ерлер арасында Асхат Галеев күмiс жүлдегер атанды. Қола жүлденi Жасұлан Диана (14-15 жас) және Назира Акматова (12-13) жеңiп алды.

Мақаланың шыққан күні: 09.09.2019
Қаралым саны: 75
Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11 А

8 (7162) 763427

sport@aqmola.gov.kz