A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
АҚМОЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ 27 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Турнирдiң мәнi, тек чип пен карта болғанда, бақылау бекеттерiнде атап өтетiн маршрутты мүмкiндiгiнше тезiрек өту. Жарысқа алты елдiң спортшылары шықты.

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында спорттық бағдарлау бойынша "QARQARALY-2019"халықаралық турнирi аяқталды. Қазақстан, Ресей, Чехия, Голландия, Қырғызстан және Түркия өкiлдерi жолға шықты.

Қатысушылар шектеулi уақыт аралығында жергiлiктi жерде орнатылған және картада белгiленген әрбiр бақылау пунктiне бару үшiн берiлетiн ең жоғары балл сомасын жинауы тиiс. Бұл қиылысқан жерде стратегияны, тактиканы және навигацияны үйлестiретiн қызықты спорт түрi.

Ақмола облысының спортшылары 27 марапатқа ие болды: алты алтын, алты күмiс және 15 қола медаль.

Даяна Қайыргелдинова екi алтын және бiр қола,Эдуард Давтян бiр алтын және төрт күмiс, Дарья Глушак бiр алтын және екi қола, Дамир Қайыргелдинов бiр алтын және төрт қола, Фролов Райынгольд бiр алтын және екi күмiс, Ангелина Кантарова үш қола, Владимир Глушак үш қола, Аружан Ақылбаев бiр қола және Никита Некрасов бiр қола медальға ие болды.

 

Мақаланың шыққан күні: 26.08.2019
Қаралым саны: 171
Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11 А

8 (7162) 763427

sport@aqmola.gov.kz