A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА «АҚ БИДАЙ» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бұл Ақмола облысының барлық спортшылары қатысатын отыз екiншi ойын.

Жақсы ауданында "Ақ бидай" XXXII жазғы облыстық спартакиадасы аяқталды. Дәл осы Жақсы кентiнде екi күн бойы керемет еңбегiмен және теңдесi жоқ күшпен спорттың 8 түрiнен: футбол, волейбол, баскетбол, жеңiл атлетика, шахмат, дойбы, үстел теннисi, отбасылық жарыстар бойынша жеңiмпаздар белгiлi болды. Облыстың жеке чемпионаттарымен спорттың екi түрi бойынша жарыстар өткiзiлдi: жазғы президенттiк көпсайыс, туризм.

Қатысушылар жарысқа қызу дайындалып, жаттығулары ақталды. Командалар өз тәлiмгерлерiнiң үмiтiн ақтап, алғашқы минуттардан бастап шындап, жеңiске жетуге дайын екендiктерiн көрсеттi.

Барлық қатысушылар ұмытылмайтын сәттер мен әсерлердi бастан кешiрдi. Олар жаңадан келген спортшылар үшiн де, спорт ардагерлерi үшiн де шексiз баға жетпес.

Жиналған ұпайларды есепке ала отырып, спартакиаданың қорытындысы қызу қол шапалақпен айтылды.

Өңiр қалалары арасында жалпы есепте бiрiншi орынды Көкшетау қаласының құрамасы, екiншi орынды Атбасар қаласының құрамасы, үшiншi орынды Степногорск қаласы иелендi.

Ақмола облысының аудандары арасында бiрiншi орынды Жақсы ауданының құрама командасы иелендi, Есiл ауданының командасы күмiс жүлдеге ие болды, Зерендi ауданының командасы қола жүлдеге ие болды.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Букубаев пен Жақсы ауданы әкiмiнiң орынбасары Ләззат Сейдахметова жеңiмпаздарға естелiк кубоктар мен спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға ақшалай сертификаттар табыс еттi.

Жақсы ауылындағы орталық стадионның құрылысы және чемпион атағы жақсыдықтарға спортпен айналысуға және жаңа жеңiстерге қосымша серпiн бередi.

Мақаланың шыққан күні: 26.08.2019
Қаралым саны: 316
Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11 А

8 (7162) 763427

sport@aqmola.gov.kz