A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛЫНДА КӘСІПКЕР БОКС ЗАЛЫН АШТЫ

Зерендi ауданының Қызылтаң ауылында бокстан жаңа спорт залының ашылуы өттi. Ұзақ жылдар бойы бос тұрған ғимаратты өз есебiнен осы ауылддың тумасы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Дархан ОБИ" ЖШС директоры Әнуар Ысмағұлов жөндеуден өткiздi.

Қызылтаң ауылындағы бокс секцияся 1986 жылы ашылды. Секцияның жұмыс iстеген уақытында оның тәрбиеленушiлерi әртүрлi деңгейдегi турнирлердiң жүлдегерi атанды, олардың iшiнде ҚР спорт шеберлерi мен кандидаттары Еркеш Саин, Қанат Айтанов, Қайржан Кучуков, Ануар Батырханов, Әдiлбек Темiрбеков және басқалары бар.

Аудан әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Еркеш Аленов кәсiпкер Әнуар Исмағұловқа туған ауылдан келген жас боксшыларға осы спорт түрi үшiн арнайы жабдықталған залда жаттығу жасауға мүмкiндiк бергенi үшiн алғысын бiлдiрдi.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Букубаев ауыл тұрғындарына құттықтау сөздерiн жолдап, Әнуар Исмағұловқа Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Алғыс хат және спорт құрал-жабдықтарын сатып алуға 1 миллион теңгеге ақшалай сертификат табыс еттi.

Ақмола облысының спорт қоғамдастығының өкiлдерi Қызылтан боксшыларына спорттағы жаңа биiк белестерге тiлектестiгiн бiлдiрдi.

Салтанатты шеруден кейiн қатысушылар жаңа спорт залына өтiп, жас боксшылар көрсетiлiм сайыстарын өткiздi.

Мақаланың шыққан күні: 20.09.2019
Қаралым саны: 77
Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11 А

8 (7162) 763427

sport@aqmola.gov.kz