A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2016 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есебі

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2016 жылы мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есебi

1. Жалпы ережелер

   1.Мемлекеттiк қызметтi берушi туралы ақпарат:«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Көкшетау қаласы, Пушкин көшесi, 11а мекенжайында орналасқан. Байланыс телефондары: 8(7162)763427,763376,762165, е-mail: sport.akmo.gov.kz

2.Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» МММәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi 139 бұйрығымен бекiтiлген стандартқа сәйкес үш мемлекеттiк қызметтi көрсетедi. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 9 қыркүйектегi № А-10/438қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы.

   Екi мемлекеттiк қызметтi тiкелей дене шынықтыру және спорт басқармасымен көрсетiледi: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгiне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру».Аталған қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы көрсетiледi.Оқытушы-жаттықтырушылар, әдiскерлер, спортшалар, спорттан төрешiлерқызметтi алушы болып табылады.

   Екiншi мемлекеттiк қызмет «Жергiлiктi спорт федерацияларын аккредиттеу». Ақмола облысының спорт федерациялары қызметтi алушы болып табылады.

  Үшiншi мемлекеттiк қызметтi «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы» аудандар мен қалалардың дене шынықтыру және спорт бөлiмдерi көрсетедi: «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтар және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру».

   Жоғарыда аталған мемлекеттiк қызметтер тегiн негiзде көрсетiледi.

   2. Мейлiнше сұранысқа ие мемлекеттiк қыметтер туралы ақпарат.

   «Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгiне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру» және«Жергiлiктi спорт федерацияларын аккредиттеу» мейлiнше сұранысқа ие мемлекеттiк қызметтер болып табылады.

   2016 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында 533 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

 

Ай Қызметтердің саны
1 қаңтар 23
2 ақпан 25
3 наурыз 18
4 сәуір 72
5 мамыр 38
6 маусым 110
7 шілде 94
8 тамыз 0
9 қыркүйек 57
10 қазан 12
11 қараша 65
12 желтоқсан 17
БАРЛЫҒЫ 533

3. Қызметтi алушылармен жұмыс

1. Мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң тәртiбi туралы ақпарат көздерi мен қол жеткiзу орындару туралы мәлiмет:

Мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң тәртiбi туралы мәлiметтер Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының sport.akmo.gov.kz сайтында, сондай-ақ, Пушкин көшесi 11А мекенжайындағы басқарма ғимаратындағы ақпараттық стендтерде орналастырылған.

2. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процессiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, интервью және т.б.):

Жыл ағымында облыстық және қалалық МБЖСМ және БЖСМ, аудандар мен қалалардың дене шынықтыру және спорт бөлiмдерi басшылары арасында мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру мәселелерi бойынша семинар-кеңестер өткiзiледi.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлерi мемлекеттiк қызмет процесстерiн түсiндiру бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен» үш семинар-кеңес өткiзiлдi.

«Акмолинская правда» газетiнiң 2016 жылдың 28 шiлдесiндегi және 31 желтоқсанындағы сандарында «Бiрiншi разрядты қалай алуға болады», «Қандай спорт түрiмен айналысқан жақсы және спорттық разрядты қалай алуға болады» мақалалары жарияланды, оларда мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпарат ұсынылды, сондай-ақ, «Арқа ажары» газетiнiң 2016 жылғы 24 желтоқсандағы санында.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесстерiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыс

1. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесстерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi:

2016 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшiн ықпалдастырылған ақпараттық жүйе орнатылды, бұл мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша жұмысты жақсартуға мүмкiндiк бердi. Басшының бұйрығымен мемлекеттiк қызметтердi көрсету және ХҚКО ЫАЖ мәлiметтердi енгiзу үшiн жауапты лауазымды тұлға бекiтiлдi.

2. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiктерiн арттыруға бағытталған iс-шаралар:

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн жауапты мамандар сәйкес заңдарды, ережелердi, әдiстемелiк нұсқаулықтарды, мемлекеттiк қызмет стандарттарын оқу арқылы өз бiлiмдерiн жетiлдiредi.

Кестеге сәйкес 2016 жылдың қыркүйегiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн жауапты спорт бөлiмiнiң басшысы Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiктерiн жетiлдiру өңiрлiк орталығы» МКҚК-да бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өттi. 26-27 қыркүйек аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетi дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын талқылау бойынша семинар-кеңес өткiздi, оған спорт бөлiмiнiң басшысы және мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн жауапты маман қатысты.

4. Мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлу сапасына бақылау жасау

1.Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша қызмет алуышлардың шағымдары туралы ақпарат:

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша қызмет алушылардын шағымдар келiп түскен жоқ.

2. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына iшкi бақылау жасаудың нәтижелерi:

Мемлекеттiк қызметтердi сапалы және уақытында көрсетiлуiн жақсарту мақсатында Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы 2016 жылдың ағымында 2 рет аудандар мен қалалардың мемлекеттiк органдарының басшыларымен дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша семинар-кеңес өткiзiлдi.

2016 жылдың ағымында басқарманың жауапты қызметкерлерi мемлекеттiк қызметтер стандарттары мен регламенттерi талаптарын бұзған жоқ.

5. Әрi қарай тиiмдiлiк перспективалары және қызмет алушылардың мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасымен қанағаттандырылуын арттыру:

Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс кезiнде кәсiби тұрғыдан қарастыру, оның iшiнде созбалау және бюрократизм фактiлерiн болдырмаумақсатында ашықтық саясатын қалыптастыру, сондай-ақ, БАҚ арқылы мемлекеттiк қызметтi алу туралы халыққа ақпарат беру.

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2016 жылы мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есебiн талқылау туралы хабарлама

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2016 жылдың 31 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында sport.akmo.gov.kz сайтында 2016 жылы мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есебiн ашық талқылау өткiзiлетiндiгiн хабарлайды.

Мақаланың шыққан күні: 25.12.2017 09:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.01.2018 10:25
Қаралым саны: 765
Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11 А

8 (7162) 763427

sport@akmo.kz