A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
Басшының өмірбаяны

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Букубаев Әсет Қайратұлы 1982 жылдың 15 мамырында Ақмола облысы, Есiл ауданы, Есiл қаласында туды, екi жоғары бiлiмi бар: 2003 жыл — Қазақ спорт және туризм академиясы, туризм менеджерi бiлiктiлiгi және 2014 жылы  — «Көкше» академиясы, дене шынықтыру және спорт бiлiктiлiгi.

Еңбек жолын 2003 жылдың 13 желтоқсанында «көкшетау қаласын әкiмдiгiнiң жанындағы туризм және спорт бөлiмi» ММ-де спорт жөнiндегi бас маман ретiнде бастады, 2005 жылдың 19 қаңтары мен 2006 жылдың 6 ақпаны аралығында қайта құрылған «Көкшетау қаласының бiлiм және спорт бөлiмi» ММ-де жетекшi маман болып қызмет еттi. 2006 жылдың 6 ақпаны мен 2006 жылдың 10 шiлдесi аралығында «Көкшетау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ жетекшi маманы лауазымында жұмыс iстедi.

2008 жылдың 4 тамы мен 2009 жылдың 20 шiлдесi аралығында Алматы қаласында «БТА банк» АҚ банктiң бөлшек маркетинг контакт орталығының операторы (аға маман) болып қызмет еттi.

2010 жылдың 10 ақпаны мен 2011 жылдың 14 сәуiрi аралығында — Көкшетау қаласы дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң бас маманы.

2011 жылдың 18 сәуiрiнен бастап «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ спорт бөлiмiнiң бас маманы, басшысы болып жұмыс iстедi. 2016 жылдың 3 наурызы мен 2018 жылдың 31 шiлдесi аралығында Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2018 жылдың 1 тамызынан бастап «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

Қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн бiледi.

Мақаланың шыққан күні: 20.02.2018 10:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.08.2018 15:56
Қаралым саны: 992
Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Акмолинская область, г.Кокшетау, ул.Пушкина, 11А

8 (7162) 763427

sport@akmo.kz