A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

 

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (DOCX 23 Kb)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне жүргiзiлген iшкi талдау бойынша ақпарат

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының жұмыс тобы 2016 жылдың II жартыжылдығында Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына (бұдан әрi-басқарма) бағынысты ұйымдардың қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне 3 (үш) iшкi талдау жүргiзiлдi:

1. «Қажымұқан атындағы № 3 облыстық олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

2. «Оқжетпес» балалар мен жасөспiрiмдер футбол мектебi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны;

3. «№ 7 облыстық олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы (бұдан әрi-басқарма) басшысының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №108-ө бұйрығымен жұмыс тобы құрылды, оның құрамына бас маман-заңгер және ПБҚ бас маманы кiрдi.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау ведомствоға бағынысты ұйымдардың ұйымдастыру-басқару қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн анықтау және құқық қорғау органдарының және облыстық және қаланың мекемелерi өткiзген тексерiстерi бойынша жүргiзiлдi.

Өткiзiлген тексерiстiң барысында келесi анықталды.

1. «Қажымұқан атындағы № 3 облыстық олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — № 3 ООРМБЖМ).

Басқарма бастығының 2011 жылғы 24 қазандағы № 30-ж бұйрығымен Ю.Н. Дергунов ауыстыру тәртiбiмен № 3 ООРМБЖМ директоры болып тағайындалды.

№ 3 ООРМБЖМ-де Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 26 наурыздағы №А-2/122 Жарғысы бар.

№ 3 ООРМБЖМ-де жұмыс регламентi мен жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi келiсу комиссиясы жоқ.

Штаттың кестесi 51 бiрлiк әкiмшiлiк-шаруашылық персоналынан, 21 бiрлiк жаттықтырушы-оқытушы құрамнан тұрады.

2016 жылы 62 мемлекеттiк сатып алулар өткiзiлдi, сот процесстерi болған жоқ.

2016 жылғы 8 қыркүйектегi актiмен террористiк тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалуының жағдайына бақылау жасау саласында және олардың басшыларының терроризмге қарсы iс-қимыл жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған талаптарды сақтауына тексерiс жүргiзiлдi. Оның қорытындысы бойынша №3 ООРМБЖМ «Террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жүйесiне қойылатын талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 3 сәуiрдегi № 191 қаулысының талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталып, тiзiмнен шығарылды.

Директордың 2014 жылғы 8 қаңтардағы бұйрығымен директордың шаруашылық бөлiмi жөнiндегi орынбасары өртке қарсы жағдай үшiн жауапты болып тағайындалды.

2. «Оқжетпес» балалар мен жасөспiрiмдер футбол мектебi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны бойынша (бұдан әрi-Оқжетпес БЖФМ).

Басқарма бастығының 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 04-л бұйрығымен Тукеев М.М. Оқжетпес БЖФМ директор болып тағайындалды.

Оқжетпес БЖФМ-де Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 26 наурыздағы № А-2/122 бұйрығымен бекiтiлген Жарғысы бар.

Оқжетпес БЖФМ-де ереже әзiрленген, ал талап бойынша жұмыс регламентiн әзiрлеп, бекiту қажет едi. Жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi келiсу комиссиясы құрылып, бекiтiлдi.

Штаттық кестесi 7 бiрлiк әкiмшiлiк-басқару персоналынан, 19 бiрлiк жаттықтырушы-оқытушы персоналынан тұрады.

2016 жылы 109 мемлекеттiк сатып алу өткiзiлдi, оның бiреуi бойынша талап арыз берiлдi.

Оқжетпес БЖФМ-нiң ЖК «Мирасқа» мемлекеттiк сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызын алғашқы инстанция соты қанағаттандырды.

Талданып отырған кезеңде Оқжетпес БЖФМ-де «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң тұтынушылар құқығын қорғау комитетiнiң Ақмола облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаментiнiң Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi Көкшетау қалалық басқармасы» РММ тексерiс жүргiздi.

Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген «Тұрғын үй және өзге үй жайларды, қоғамдық ғимараттарды ұстау мен қолданудың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының» санитарлық ережелерiнiң талаптарын бұзу анықталмағандығы туралы 2016 жылғы 26 қаңтардағы №88 санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бердi.

Ведомствоаралық жұмыс тобы 2016 жылдың 22 қаңтарында № 23 сайлау учаскесiн терроризмге қарсы қорғалу мәнiне тексеру жүргiздi.

Тексеру актiсi бойынша ескертулер сол жерде жойылды.

2016 жылғы 13 қыркүйектегi актiмен террористiк тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалуының жағдайына бақылау жасау саласында және олардың басшыларының терроризмге қарсы iс-қимыл жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған талаптарды сақтауына тексерiс жүргiзiлдi. Оның қорытындысы бойынша «Оқжетпес» БЖФМ «Террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жүйесiне қойылатын талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 3 сәуiрдегi № 191 қаулысының талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталып, тiзiмнен шығарылды.

Директордың бұйрығымен өртке қарсы жағдай үшiн жауапты болып директордың орынбасары К.М. Арчаков тағайындалды

3. «№7 облыстық олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — № 7 ООРМБЖМ).

Басқарма бастығының 2011 жылғы 5 қыркүйектегi № 26-ж бұйрығымен Г.К. Исмагулова «№ 7 ООРМБЖМ» директоры болып тағайындалды.

№ 7 ООРМБЖМ-де Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 28 маусымдағы № А-7/322 бұйрығымен бекiтiлген Жарғысы бар.

№ 7 ООРМБЖМ-де жұмыс регламентi және жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi келiсу комиссиясы жоқ.

Штаттық кесте 48 бiрлiк әкiмшiлiк-шаруашылық персоналдан, 15 бiрлiк жаттықтырушы-оқытушы құрамнан тұрады.

2016 жылғы 15 шiлдедегi №36-а бұйрықпен маман А.Р. Горчичкоға өртке қарсы қауiпсiздiк жағдайына жауапкершiлiк жүктелдi.

«ҚР IIМ ТЖ Комитетiнiң Ақмола облысы бойынша ТЖ департаментiнiң Көкшетау қаласы төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы» РММ 2016 жылғы 25 қазандағы № 222 тексерiс актiсiне сәйкес № 7 ООРМБЖМ террористiк тұрғыдан осалдардың тiзiмiне енбейдi.

Ақмола облысының прокуратурасы № 7 ООРМБЖМ-ге мемлекеттiк сатып алулар туралы заң бұзушылықтарын жою туралы ұсыным шығарды.

ЖК «Адырбеков Бауыржан Асанович» және «Нурзаман 2030» ЖШС алғашқы инстанция сотының шешiмiмен мемлекеттiк сатып алулардың жосықсыз қатысушысы болып танылды. № 7 ООРМБЖМ аталған тұлғаларды жосықсыз жабдықтаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн мәлiметтердi уәкiлеттi органға ұсынған жоқ.

№ 7 ООРМБЖМ директорына мемлекеттiк сатып алулар саласындағы заң бұзушылықтарына әкелiп соққан функционалдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшiн 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 02-тж бұйрығымен сөгiс түрiнде тәртiптiк жаза қолданылды.

№ 7 ООРМБЖМ-де жұмыс регламентi және жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi келiсу комиссиясы жоқ.

Осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне жүргiзiлген iшкi талдау өткiзу кезiнде Оқжетпес БЖФМ басқа аталған ұйымдарда жұмыс регламентi жоқ, жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi келiсу комиссиясы құрылмаған.

Басқарма актiлердi, бұйрықтарды және өзге құжаттарды еңбек және iс жүргiзу жөнiндегi заңнамаға сәйкестендiру туралы ұсыныс берiлдi, оның нәтижелерi Басқармаға 2017 жылдың 30 қаңтарына дейiн хабарланатын болады.

Ведомствоға бағынысты ұйымдарда облыстың және қаланың органдары мен мекемелерi өткiзiген тексерiстер бойынша барлық ескертулер жойылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына сәйкес, Басқарма басшысының бұйрығымен Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргiзу Қағидалары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң үлгiлiк Қағидалары бекiтiлдi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қадағалау үшiн Басқармада жауапты тұлға белгiлендi. Осы бағыттағы жұмыстар бекiтiлген жоспарға сәйкес жүргiзiледi.

Басшының бұйрықтары негiзiнде, Басқармада және ведомствоға бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзiлiп жатыр. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау туралы ақпарат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберiледi.

2015 жылдың 4 желтоқсанында «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының № 434-V Заңы қабылданды. Жаңа қабылданған Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржы Министрiнiң 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 және 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрықтарымен «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» және «Мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттiк сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық iстен шығу туындаған жағдайда мемлекеттiк сатып алу веб-порталының жұмыс iстеу қағидалары» бекiтiлдi.

«Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 17 қарашадағы Заңының 1-бабы 25-тармағының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрiнiң 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 19 бұйрығына сәйкес, Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша регламенттерге Ақмола облысының әкiмшiлiгiнiң 2016 жылғы 15 сәуiрдегi № А-5/167 қаулысымен өзгiрiстер енгiзiлдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету регламенттерi Басқарманың сайтында жарияланды.

Басқармасының жауапты тұлғалары бұқаралық ақпарат құралдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама сақтау мәселелерi бойынша жұмыс жүргiзiп жатыр.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 153 Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi

(Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидалары)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдептiлiк бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттiк қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн өзi жүзеге асыратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны — Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрi адал қызмет етедi деп сенедi.

Мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйектi түрде жүзеге асыруға тиiс.

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң осы әдеп кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидалары) (бұдан әрi — Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдептiлiк бейнесiне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.

Кодекс халықтың мемлекеттiк органдарға сенiмiн нығайтуға, мемлекеттiк қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және мемлекеттiк қызметшiлердiң әдепсiз мiнез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

3. Мемлекеттiк органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда — орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда — орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстiң мәтiнiн мемлекеттiк органдардың ғимараттарында баршаға көрiнетiндей жерде орналастыруды қамтамасыз етедi.

4. Мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк қызметке тұрғаннан кейiн үш күн мерзiмде осы Кодекстiң мәтiнiмен жазбаша нысанда таныстырылуға тиiс.

2. Мiнез-құлықтың жалпы стандарттары

5. Мемлекеттiк қызметшiлер:

1) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiне құрметпен қарауға;

2) адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтауға, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;

3) өздерi қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

5) мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн, мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiне кедергi жасайтын немесе тиiмдiлiгiн төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұруға;

6) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

7) өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;

8) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;

9) шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратпауға;

10) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi, автокөлiк құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға;

11) қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалануға;

12) мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушысы ретiнде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;

13) жасағаны үшiн заңнамада тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен терiс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

10) iскерлiк әдептi және ресми мiнез-құлық қағидаларын сақтауға тиiс.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң сырт келбетi олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мемлекеттiк аппараттың беделiн нығайтуға ықпал етуге, iскерлiкпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетiн жалпы қабылданған iскерлiк талаптарына сай болуға тиiс.

6. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбауға тиiс.

Мемлекеттiк қызметшiлер, оның iшiнде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз дiни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшiлердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметiне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

3. Қызметтен тыс уақыттағы мiнез-құлық стандарттары

7. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтен тыс уақытта:

1) жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

2) қарапайым болуға, тиiстi көрсетiлетiн қызметтердi алу кезiнде өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершiлiкке, тәртiпке және қауiпсiздiкке қол сұғушылыққа әкелетiн заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттердi жасауға тартуға жол бермеуге тиiс.

4. Қызметтiк қатынастардағы мiнез-құлық стандарттары

8. Мемлекеттiк қызметшiлер әрiптестерiмен қызметтiк қарым-қатынасы кезiнде:

1) ұжымда iскерлiк және тiлектестiк өзара қарым-қатынасты әрi сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;

2) басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызметтiк әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнiнде өзге шаралар қабылдауға;

3) ұжымда әрiптестерiнiң ар-намысы мен абыройына кiр келтiретiн жеке және кәсiптiк қасиеттерiн талқылаудан аулақ болуға;

4) әрiптестерiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеуге мiндеттi.

9. Басшылар қарамағындағы қызметшiлермен қарым-қатынас кезiнде:

1) өзiнiң мiнез-құлқымен бейтараптықтың, әдiлдiктiң, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгiсi болуға;

2) меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерiн шешу кезiнде туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша артықшылық көрсетпеуге;

3) олардың қызметiнiң нәтижелерiн бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде әдiлдiк пен объективтiлiк танытуға;

4) еңбектi, денсаулықты қорғауға, тиiмдi қызмет ету үшiн қауiпсiз және қажеттi жағдайларды жасауға, сондай-ақ қызметшiлердiң ар-намысы мен қадiр-қасиетiн кемсiтушiлiктiң және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;

5) қызметтiк емес сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде олардың қызметiне ықпал етуге өзiнiң қызметтiк дәрежесiн пайдаланбауға;

6) құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;

7) оларға қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, қадiр-қасиетiн қорлау, әдепсiздiк және орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермеуге тиiс.

10. Төмен тұрған лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер:

1) басшылардың тапсырмаларын орындау кезiнде тек объективтi және шынайы мәлiметтердi ұсынуға;

2) өздерiне мәлiм болған қызметтiк әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылықтар туралы басшылыққа және әдеп жөнiндегi уәкiлге дереу хабарлауға;

3) басшының заңды тапсырмаларын орындауға кедергi келтiретiн әрекеттердi (әрекетсiздiктi) болдырмауға;

4) басшылыққа қатысты жеке берiлгендiкке, олардың қызметтiк мүмкiндiктерi есебiнен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиiс.

5. Көпшiлiк алдында, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында

сөйлеумен байланысты мiнез-құлық стандарттары

11. Мемлекеттiк орган қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында сөйлеудi оның басшысы немесе мемлекеттiк органның бұған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметтiң беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiрсайысты сыпайы нысанда жүргiзуге тиiс.

12. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк саясат және қызметi мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол:

1) мемлекет саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келмесе;

2) жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпаратты ашатын болса;

3) мемлекеттiң лауазымды адамдарының, мемлекеттiк басқару органдарының, басқа да мемлекеттiк қызметшiлердiң атына әдепке жат сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруiне болмайды.

13. Мемлекеттiк саясатты жүргiзумен, мемлекеттiк органның және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiмен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органның атынан жарияланымдарына жол берiлмейдi. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттiк қызметшi жеке тұлға ретiнде тек өз атынан жүзеге асыра алады.

14. Мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн жасаған деп көпшiлiк алдында негiзсiз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны терiске шығару жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.

Мақаланың шыққан күні: 20.10.2017 11:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.08.2018 16:48
Қаралым саны: 563
Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Акмолинская область, г.Кокшетау, ул.Пушкина, 11А

8 (7162) 763427

sport@akmo.kz