A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
Қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар үшін ақпарат!

(қоғамдық бiрлестiктер, федерациялар, қоғамдық бiрлестiктер, қауымдастықтар, коммерциялық емес мекемелер)

Үкiметтiк емес ұйымдары өз қызметi туралы мәлiметтердi infonpo.kz ақпараттық ресурс арқылы а.ж. 31 наурызға дейiн ұсыну қажет.

2018 жылғы 15 қаңтардан бастап ҮЕҰ үшiн «Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларының» (бқдан әрi — Қағидалар) жеңiлдiтiлген нұсқасы қолданысқа енгiзiледi. Аталған қағидаларды бекiтетiн Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрiнiң тиiстi бұйрығы 2017 жылы 6 желтоқсанда қабылданды (№ 175 бұйрық).

2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық ресурсы (infonpo.kz) өз жұмысын бастағанын ескерткенiмiз жөн. Аталмыш ақпараттық ресурс арқылы ҮЕҰ-ның өкiлдерi «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес ҮЕҰ дерекқорына енгiзу үшiн өз қызметтерi туралы мәлiметтер ұсынуға мүмкiндiк алды.

Жеңiлдетiлген Қағидалардығ аясында:

- ҮЕҰ дерекқорына мәлiметтердi енгiзу бойынша нысан жеңiлдетiлдi: бiрқатар тармақтар жойылды және нақтыланды, ыңғайлы толтыру үшiн ақпарат кесте түрiнде ұсынылды;

- нысанды толтыру барысында дұрыс және жүйеленген ақпаратты қамтамасыз ету үшiн өңiрлер, ұйым қызметiнiң бағыттары, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар бойынша тиiстi тiзiмдер қосылды;

- құрылтай құжаттарды, есеп теңгерiмдi ұсынуға талап ететiн нормалар жойылды;

- ұйымның кiрiс және шығыс туралы тармақтар салық есебiнiң нысанына сәйкестендiрiлдi.

Мәлiметтердi infonpo.kz веб-портал арқылы электрондық түрде ұсыну үшiн Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) заңды тұлға ретiнде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет.

Мәлiметтердi пошта арқылы немесе қағазды және электрондық тасымалдаушыда (CD-дисктер немесе DOC, DOCX форматында USB-флэш арқылы) қолма-қол тапсыру, мәлiметтердi интернет арқылы тапсыруға мүмкiндiгi жоқ азаматтарға арналған баламалы нұсқа болып табылады.

ҮЕҰ туралы мәлiметтердi iлеспе хатпен қосып, пошта арқылы немесе қолма-қол келесi мекен-жайға жолдауға болады: 010000, Астана қ., Есiл ауданы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8, 15-кiреберiс, Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң Азаматтық қоғам iстерi комитетi.

Infonpo.kz ақпараттық ресурс жұмысының бiрiншi жылдың нәтижелерi бойынша өз қызметi туралы мәлiметтердi электрондық түрде белгiленген мерзiмде 3000 мыңға жуық ҮЕҰ ұсынды. Бұл сайтпен жұмыс жүргiзудiң қолжетiмдiлiгi мен есеп беру нысандарды толтыру рәсiмiнiң жеңiлдiгiн дәлелдейдi.

Осыған байланысты, үкiметтiк емес ұйымдарға өз қызметi туралы мәлiметтердi infonpo.kz ақпараттық ресурс арқылы ұсынуға қосымша мүмкiндiк бар.

Әкiмшiлiк жауапкершiлiк:

«Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексiмен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәлiметтердi ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi ұсынуы үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк қарастырылған (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша — ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша — қайталап жасалған әрекеттер үшiн — жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не үш ай мерзiмге қызметiн тоқтата тұруға алып келедi).

Ақмола облысының iшкi саясат басқармасы

Мақаланың шыққан күні: 14.02.2018 10:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.02.2018 10:26
Қаралым саны: 609
Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11 А

8 (7162) 763427

sport@akmo.kz