A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
Тікелей келіссөздер арқылы «Көкшетау қаласында интеллектуалдық технологияларды қолдану арқылы көпфункциялы арена салу және қолдану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын бастау туралы хабарлама

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi «Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобаларын жоспарлау және iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығының 133-тармағына сәйкес «Көкшетау қаласында интеллектуалдық технологияларды қолдану арқылы көпфункциялы арена салу және қолдану» мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобасын (бұдан әрi — Жоба) бастау туралы хабарлайды.

Жобаның мақсаттары мен мiндеттерi:

Көкшетау қаласында интеллектуладық технологияларды қолдану арқылы көпфункциялы арена салу және қолдану

Қала жүйелерi мен оның халқының өзектi қажеттiлiктерiн уақытында интеграциялау.

Көпфункциялы ареналардың жұмыс iстеу аймақтарында келесi интеллектуалдық технологияларды пайдалану:

-Спорттық жарыстарды басқару;

-Көрермендерге арналған ойын шоуларын ұйымдастыру;

-ТВ көрсетiлiм ұйымдастыру;

-Қауiпсiздiк және кiрудi бақылау жүйесi оның iшiнде биометрия;

-Кешендi автоматтандыру, диспечерлеу және мониторинг;

-Жарнамалық және ақпараттық тасығыштар;

-Жарнамалық және ақпараттық контенттi басқару жүйесi;

-Сатыларды басқару кейтеринг-оператор;

-Фан-шопқа арналған интерактивтi шешiмдер;

-Паркингтi басқару жүйесi;

-Санитарлық аймақтардың жұмысын бақылау;

-Билеттiк жүйе, жеңiлдiктер бағдарламасы;

-Смартфонға арналған қосымшалар.

Бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптар:

Көпфункциялы аренаны тиiмдi басқарудың интеграцияланған платформасы. Барлық жүйелер бiрыңғай басқару орталығына қосылуы керек. Саланың жаңа тенденцияларын тұтастырған осы платформа тиiмдi жұмысты қамтамасыз етуге арналған жетiк құрал болып табылады.

Жобаның болжамды құны:

МЖӘ жобасын құру:5 932 318,05 мың теңге

Бiрлесiп қаржыландыру 30%: 1 350 000 мың теңге

Инвестициялық шығындарды өтеу: 3 408 675,05 мың теңге

Операциялық шығындарды өтеу: 1 173 643,00 мың теңге

МЖӘ жобасының құны: 5 932 318,05 мың теңге

Жоба құрылысының ұзақтығы: 18 ай.

МЖӘ жобасын жүзеге асыру мерзiмi: 6,5 жыл

Жобаның техникалық жағынан күрделi және (немесе) бiрегей болуы:

Жоба техникалық жағынан күрделi және (немесе) бiрегей болвп табылады.

Әлеуеттi жеке әрiптеске қойылатын бiлiктiлiк талаптары:

Әлеуеттi жеке әрiптес келесi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi тиiс:

1) Құқықтық қабiлетi (заңды тұлғалар үшiн) және азаматтық әрекетке қабылеттiлiгi (жеке кәсiпкер үшiн) болуы қажет;

2) төлем жасауға қабылеттi, салық берешегi болмауы керек;

3) мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шарты бойынша мiндеттемелерiн орындау үшiн қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары болуы керек;

4) банкрот немесе тарату шараларына жатпауы, баланстық құны сәйкес негiзгi құралдар құнының он процентiнен асатын мүлкiне бұғат салынбауы қажет, оның қаржылық-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмаған болуы қажет;

5) жосықсыз әлеуеттi жеке әрiптес деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шарттары бойынша соңғы үш жыл ағымында жасалған мiндеттемелердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiкке тартылмауы керек;

6) спорт ғимараттары мен көпфункциялы ареналар ауқымында ұқсас жүйелердi енгiзу бойынша жобаларды iске асыу тәжiрибесi болуы қажет — кемiнде 3 нысан.

7) спорт нысандарын салу сертификаты болуы қажет, ISO 9001 сертификаты.

Жоспарланған МЖӘ жобасы бойынша жүзеге асыруға мүдделi әлеуеттi жабдықтаушылар өзi туралы негiзгi төмендегi ақпаратты ұсынып, осындай жобаны жүзеге асырудың мүмкiндiгi туралы альтернативтi ұсыныстар бередi, оның iшiнде:

-Әлеуеттi жеке әрiптестiң атауы және мекенжайы;

-Мемлекеттiк тиiстiлiгi (заңды тұлғалар үшiн), азаматтығы (жеке тұлғалар үшiн);

-Заңды тұлғалардың басшылары немесе заңды тұлға иелерi туралы және әлеуеттi жеке әрiптестiң мүддесiне өкiлдiк ететiн тұлғалар туралы мәлiметтер;

-Нысанға қатысты меншiк құқығын немесе ұзақ мерзiмдi жалға алуды немесе әлеуеттi жеке әрiптеске тиесiлi интеллектуалдық шығарамшылық қызметiне айрықша құқықты растайтын құжаттар.

-әлеуеттi жеке әрiптеске тиесiлi интеллектуалдық шығарамшылық қызметiне айрықша құқықтың болуы туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органнан сәйкес растаушы хат;

-ИЖӘ жобасының әзiрленген бизнес-жоспары.

-Әлеуеттi жабдықтаушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар.

Альтернативтi өтiнiмдi ұсыну орны, күнi және уақыты:

Әлеуеттi жеке әрiптестердiң альтернативтi ұсыныстары өздерiнiң сипаттамалары мен параметрлерi бойынша тең немесе хабарламда көрсетiлгеннен жоғары болуы керек (Мемлекеттiк әрiптес үшiн жақсы жаққа қарай).Жобаны жүзеге асыруға ниет бiлдiрген жағдайда, мүдделi тұлға қажеттi құжаттарды келесi мекенжайға ұсынуы қажет: «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi,Көкшетау қаласы, Пушкин көшесi, 11 а, басқарма басшысы Ә.Қ. Букубаев, тел. 8 (7162) 76-34-27.

Альтернативтiұсыныстар осы Хабарлама жарияланған күннен бастап 60 күн iшiнде 2019 жылдың «19» сәуiр сағат 18.00-ден кешiктiрiлмей қабылданады.

Мақаланың шыққан күні: 19.02.2019 11:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.02.2019 11:12
Қаралым саны: 596
Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11 А

8 (7162) 763427

sport@akmo.kz