A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған спорттың алты түрінен ұйымдастырылған аудандық шағын - спартакиада

2016 жылдың 26 қарашасы күнi Аршалы кентi №3 Аршалы орта мектебiнде Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiне арналған спорттың алты түрiнен ұйымдастырылған аудандық шағын — спартакиада сайысының, соңғы түрi — волейболдан өттi. Бұл волейбол сайысына қатысқан командалардың ойын нәтижесi ереженiң қорытындысына үлкен ықпал еттi.

Нәтижесiнде шағын — спартакиадада Жiбек Жолы ауылының командасы жеңiске жеттi. Олар бас жүлдеге — «Талғат» шаруашылық қожалығының директоры Абжанов Қайрат Сағидоллаұлы демеушiлiк жасап тiккен койына ие болды. Екiншi орынды Сары Оба ауылдық округiнiң командасы, үшiншi орынды Ижев ауылдық округiнiң командасы иелендi. Сайысқа жауапкершiлiкпен және спортқа деген құлшыныспен қатысқан, жақсы нәтиже көрсеткен жүлделi орын алған командалар «Аршалы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң» кубогiмен, мақтау қағазымен марапатталды. Жеке тоқталып, волейбол сайысы туралы айтсақ I-орынды Ижев ауылының командасы, II-орынды Волгодон ауылының командасы, III-орынды Сары Оба ауылының командалары жеңiп алды.

Спортшыларды алда әлi талай сайыстар күтiп тұр. Спортшыларымызға алдағы уақытта тек қана жеңiс тiлеймiз!.

Мақаланың шыққан күні: 07.11.2017 11:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2018 16:50
Қаралым саны: 313
Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Акмолинская область, г.Кокшетау, ул.Пушкина, 11А

8 (7162) 763427

sport@akmo.kz