A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2018 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есебін талқылау туралы хабарлама

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2019 жылдың 26 ақпаны мен 26 наурызы аралығында www.sport.akmol.gov.kz сайтында 2018 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есебін ашық талқылау өткізілетіндігін хабарлайды.

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2018 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есебі

Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті беруші туралы ақпарат: «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11а мекенжайында орналасқан. Байланыс телефондары: 8(7162)763427, 763376, 762165, е-mail: www.sport.akmol.gov.kz

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі 139 бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес төрт мемлекеттік қызметті көрсетеді.

«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру», "Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру" және "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" үш мемлекеттік қызметі «Азаматтарға аранлған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы көрсетіледі. Оқытушы-жаттықтырушылар, әдіскерлер, спортшылар, спорттан төрешілер қызметті алушы болып табылады.

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» төртінші мемлекеттік қызметі кеңсе және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Ақмола облысының спорт федерациялары қызметті алушы болып табылады.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны және мейлінше сұранысқа ие мемлекеттік қыметтер туралы ақпарат.

2018 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында 579 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер Қызметтер саны
1 «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» 567
2 «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» 4
3 "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" 8
4 "Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру" 0
БАРЛЫҒЫ 579

 

Мейлінше сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» болып табылады.

Ай Қызметтердің саны
1 қаңтар 46
2 ақпан 45
3 наурыз 21
4 сәуір 8
5 мамыр 90
6 маусым -
7 шілде 15
8 тамыз 100
9 қыркүйек 82
10 қазан 71
11 қараша 20
12 желтоқсан 69
  БАРЛЫҒЫ 567

 

Қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпарат көздері мен қол жеткізу орындару туралы мәлімет:

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы мәліметтер Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының www.sport.akmol.gov.kz сайтында, сондай-ақ, Пушкин көшесі 11А мекенжайындағы басқарма ғимаратындағы ақпараттық стендтерде орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процессінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, интервью және т.б.):

Жыл ағымында облыстық және қалалық МБЖСМ және БЖСМ, аудандар мен қалалардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері басшылары арасында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізіледі.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері мемлекеттік қызмет процесстерін түсіндіру бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен» тоғыз семинар-кеңес өткізілді.

«Акмолинская правда» облыстық газетінде (сәуір, шілде, қазан, желтоқсан) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат берілген 10 мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін жетілдіру жөніндегі жұмыс

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

Жол картасына сәйкес "Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру" мемлекеттік қызметін проактивті форматқа өткізу жоспарланып отыр.

2018 жылы басқарма мен аудандық және қалалық жене шынықтыру және спорт бөлімдерінде ЭҮРШ АЖ жұмыс орындары ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жауапты мамандар сәйкес заңдарды, ережелерді, әдістемелік нұсқаулықтарды, мемлекеттік қызмет стандарттарын оқу арқылы өз білімдерін жетілдіреді.

Кестеге сәйкес 2018 жылдың 15 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жауапты спорт бөлімінің бас маманы Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиалында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

26-28 наурыз аралығында «Bolashak» халықаралық академиясы «Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарының жүйесі және ақпараттық технологияларды пайдалану. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді, оған спорт бөлімінің басшысы және мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жауапты маман қатысты.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына бақылау жасау

1.Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызмет алуышлардың шағымдары туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардын шағымдар келіп түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жасаудың нәтижелері:

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытында көрсетілуін жақсарту мақсатында Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына ішкі бақылау жүргізу кестесі әзірленді.

2-3 шілде және 5-6 желтоқсан аралығында 2018 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселесі бойынша ішкі бақылау жүргізілді.

2018 жылдың ағымында басқарманың жауапты қызметкерлері мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері талаптарын бұзған жоқ.

Әрі қарай тиімділік перспективалары және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттандырылуын арттыру:

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс кезінде кәсіби тұрғыдан қарастыру, оның ішінде созбалау және бюрократизм фактілерін болдырмау мақсатында ашықтық саясатын қалыптастыру, сондай-ақ, БАҚ арқылы мемлекеттік қызметті алу туралы халыққа ақпарат беру.

Мақаланың шыққан күні: 26.02.2019 14:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.02.2019 15:45
Қаралым саны: 539

Комментарии


Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11 А

8 (7162) 763427

sport@akmo.kz