A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есебін талқылау туралы хабарлама

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2018 жылдың 26 ақпаны мен 26 наурыз аралығында www.sport.akmol.gov.kzсайтында 2016 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есебін ашық талқылау өткізілетіндігін хабарлайды.

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есебі

Жалпы ережелер

1.Мемлекеттік қызметті беруші туралы ақпарат:«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11а мекенжайында орналасқан. Байланыс телефондары: 8(7162)763427,763376,762165, е-mail: www.sport.akmol.gov.kz

2.Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» МММәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі 139 бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес төрт мемлекеттік қызметті көрсетеді.

«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»мемлекеттік қызметін«Азаматтарға аранлған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Халыққа қызмет көрсету орталығы»арқылы көрсетіледі.Оқытушы-жаттықтырушылар, әдіскерлер, спортшалар, спорттан төрешілерқызметті алушы болып табылады.

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу»мемлекеттік қызметікеңсе және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Ақмола облысының спорт федерациялары қызметті алушы болып табылады.

"Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру" және "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік қызметтері басқарманың кеңсесі арқылы көрсетіледі.

Тағы бір мемлекеттік қызметті «Азаматтарға аранлған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылыаудандар мен қалалардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері көрсетеді: «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру».

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

Мейлінше сұранысқа ие мемлекеттік қыметтер туралы ақпарат.

«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» және«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мейлінше сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер болып табылады.

2017 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында 492 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ай Қызметтердің саны
1 қаңтар 43
2 ақпан 27
3 наурыз 13
4 сәуір 48
5 мамыр 42
6 маусым 51
7 шілде 4
8 тамыз 44
9 қыркүйек 52
10 қазан 62
11 қараша 73
12 желтоқсан 33
БАРЛЫҒЫ 492


Қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпарат көздері мен қол жеткізу орындару туралы мәлімет:Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы мәліметтер Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының www.sport.akmol.gov.kzсайтында, сондай-ақ, Пушкин көшесі 11А мекенжайындағы басқарма ғимаратындағы ақпараттық стендтерде орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процессінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, интервью және т.б.):Жыл ағымында облыстық және қалалық МБЖСМ және БЖСМ, аудандар мен қалалардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері басшылары арасында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізіледі.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері мемлекеттік қызмет процесстерін түсіндіру бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен» тоғыз семинар-кеңес өткізілді.

«Акмолинская правда» облыстық газетінде (сәуір, шілде, қазан, желтоқсан) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат берілген мақалалар жарияланды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін жетілдіру жөніндегі жұмыс

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:2016 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе орнатылды, бұл мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысты жақсартуға мүмкіндік берді. Басшының бұйрығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету және ХҚКО ЫАЖ мәліметтерді енгізу үшін жауапты лауазымды тұлға бекітілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жауапты мамандар сәйкес заңдарды, ережелерді, әдістемелік нұсқаулықтарды, мемлекеттік қызмет стандарттарын оқу арқылы өз білімдерін жетілдіреді.

Кестеге сәйкес 2016 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жауапты спорт бөлімінің басшысы Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктіліктерін жетілдіру өңірлік орталығы» МКҚК-да біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 26-27 қыркүйек аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын талқылау бойынша семинар-кеңес өткізді, оған спорт бөлімінің басшысы және мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жауапты маман қатысты.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына бақылау жасау

 

1.Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызмет алуышлардың шағымдары туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардын шағымдар келіп түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жасаудың нәтижелері:

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытында көрсетілуін жақсарту мақсатында Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына ішкі бақылау жүргізу кестесі әзірленді.

18-19 мамыр және 4-8 қыркүйек аралығында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселесі бойынша ішкі бақылау жүргізілді.

2017 жылдың ағымында басқарманың жауапты қызметкерлері мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері талаптарын бұзған жоқ.

Әрі қарай тиімділік перспективалары және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттандырылуын арттыру:

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс кезінде кәсіби тұрғыдан қарастыру, оның ішінде созбалау және бюрократизм фактілерін болдырмаумақсатында ашықтық саясатын қалыптастыру, сондай-ақ, БАҚ арқылы мемлекеттік қызметті алу туралы халыққа ақпарат беру.

Мақаланың шыққан күні: 22.02.2018 17:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.02.2018 17:10
Қаралым саны: 770

Комментарии


Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11 А

8 (7162) 763427

sport@akmo.kz