A- A A+
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қаз |  Рус
ҮЕҰ Дерекқоры бойынша СҰРАҚ-ЖАУАПТАР

ҮЕҰ Дерекқоры дегенiмiз не?

ҮЕҰ Дерекқоры — үкiметтiк емес ұйымдар қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастыру шеңберiнде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшiн қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.

Қай мемлекеттiк орган ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру бойынша уәкiлеттi орган болып табылады?

Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi (ДIАҚМ) ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкiлеттi орган болып табылады. Тiкелей жұмысты ДIАҚМ-нiң Азаматтық қоғам iстерi комитетi жүргiзедi.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлiметтердi беру тәртiбi қандай нормативтiк құқықтық актiлермен регламенттеледi?

1. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (41-бабының 5-тармағы).

2. «Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекiту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 Мәдениет және спорт министрiнiң бұйрығымен.

ҮЕҰ Дерекқорына кiмдер мәлiметтер беру керек?

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерi нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi органға жыл сайын 31 наурызға дейiн үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн тәртiппен өз қызметi туралы, оның iшiнде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкiнiң құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәлiметтердi ұсынады.

Қазiргi уақытта Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiмен аталған нормаға ҮЕҰ Дерекқорына мәлiметтер беретiн коммерциялық емес ұйымдарды нақтылау жөнiнде өзгерiстер енгiзу бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлiметтердi қашан беру керек?

ҮЕҰ Дерекқорына мәлiметтердi жыл сайын жыл сайын есептiк мерзiмнен кейiн әр жылдың 31 наурызына дейiн беру қажет.

Есептiк мерзiмi ретiнде Дерекқорға мәлiметтердi енгiзу жылдың алдындағы күнтiзбелiк жыл болып саналады.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлiметтердi қандай нысан бойынша беру керек?

Мәлiметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәлiметтердi беру қағидаларға (МСМ-нiң 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қосымша берiлген нысанға сәйкес қазақ және орыс тiлдерiнде берiледi.

Толық мәлiметтi http://infonpo.kz сайтындағы Жиi қойылатын сұрақтар бөлiмiнде алуға болады.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлiметтердi қалай беру керек?

Мәлiметтер:

- 2017 жылғы 1 наурызға дейiн қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәлiметтердi Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкiндiгi болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кiлтi арқылы авторизациядан өтуге болады.

ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталында порталмен жұмыс iстеудiң қадамдық алгоритмi берiлген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады.

Мәлiметтердi пошта арқылы қай мекен-жайға жолдау керек:

Пошта арқылы ҮЕҰ Дерекқоры үшiн мәлiметтердi келесi мекен-жайға жолдау керек:

010000, Астана қаласы, Мәңгiлiк ел даңғылы, 8, 15-кiреберiс, Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң Азаматтық қоғам iстерi комитетi.

Есеп беру нысанын толтыру жөнiнде ұсынымдар бар ма?

ҮЕҰ Дерекқорына мәлiметтер беру жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдар ДIАҚМ сайтында орналасқан (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy).

ҮЕҰ Дерекқорына мәлiметтер беру жөнiндегi сұрақтар бойынша қайда хабарласуға болады?

«Жедел желi» телефондары: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47.

Электронндық мекен-жай: 74-04-28@mail.ru

Үкiметтiк емес ұйымдарға ҮЕҰ Дерекқоры не үшiн қажет?

ҮЕҰ Дерекқоры қоғам мен донорлар үшiн ҮЕҰ қызметi туралы ақпараттың ашықтығын, қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етедi. ҮЕҰ Дерекқоры арқылы көмек қажет ететiн азаматтар ҮЕҰ туралы керек ақпаратын ала алады, басқа ҮЕҰ мен донорлар әлеуеттi ҮЕҰ серiктестердi таңдап, оларды дұрысырақ бiле алады.

Үкiметтiк емес ұйымдармен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларында қарастырылған ҮЕҰ-ның есеп беру нысандары жетiлдiрiле ме?

Ия. Қазiргi уақытта ҮЕҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып Қағидаларды жетiлдiру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Мәлiметтердi ұсынбау немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну үшiн қандай шаралар қарастырылған?

«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 489-1 бабына сәйкес:

1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (оқшауланған бөлiмшелерiнiң) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы, оның iшiнде өзiнiң құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкiнiң құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәлiметтердi ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi ұсынуы, — ескерту жасауға алып келедi.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), — жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не үш ай мерзiмге қызметiн тоқтата тұруға алып келедi.

ҮЕҰ Дерекқорында тiркелмеген ҮЕҰ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, гранттар жөнiндегi конкурстарға қатыса ала ма?

ҮЕҰ-ның Дерекқорда бар болуы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс конкурсының жеңiмпазын анықтаған кезде өлшемдердiң мiндеттi көрсеткiшi болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, үкiметтiк емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 3-тармағына сәйкес Гранттар тарату процесiндегi, дәрменсiз (банкрот) деп танылған, мүлкiне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметi тоқтатыла тұрған үкiметтiк емес ұйымдарды қоспағанда, Үкiметтiк емес ұйымдардың дерекқорына енгiзiлген үкiметтiк емес ұйымдарға конкурстық iрiктеу негiзiнде берiледi.

Мақаланың шыққан күні: 14.02.2018 10:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.02.2018 10:22
Қаралым саны: 363
Бейнегалерея

    

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Акмолинская область, г.Кокшетау, ул.Пушкина, 11А

8 (7162) 763427

sport@akmo.kz